Бүгін «Жастар және заң: жауапкершілік пен таңдау» атты Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында спикерлер Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г.Шукеева отбасылық құндылықтарды сақтау бағытында сөз қозғаса, Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының үгіт-насихат тобының аға инспекторы, полиция капитаны Р.Кумаргалиев, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы-бас маманы Г.Рыскалиева сталкингтің мәні, оның құқықтық және психологиялық аспектілері, оның қауіптері мен салдары бағытында заң аясында түсініктер берді. Жеке шекараны сақтау, цифрлық қауіпсіздік және қудалау жағдайында әрекет ету алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.

Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға ықпал етеді.
#қауіпсіздік #сталкинг #құқықтықсауаттылық
Бқо қоғамдық даму басқармасы