12.10.2024, 15:30
Оқылды: 14

Оралда құтқарушылар арасында жүгіру марафоны өтті

Оралда Құтқарушылар күні қарсаңында Жедел-құтқару жасағы жүгіруден марафон ұйымдастырды. Бұл туралы БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

IMG-20241012-WA0017

«Іс-шара тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар командалық рухты жандандыра отырып, құтқарушылардың дене шынықтыру деңгейін арттырудың тамаша тәсілі болды. Көрермен мен жанкүйердің қолдауы мереке атмосферасын көтерді, ал қатысушыларға жарыстан кейін ыстық шай ұйымдастырылды», - делінген департаменттің хабарламасында.

IMG-20241012-WA0025

IMG-20241012-WA0027

Марафон қорытындысында жүлдегерлерге жасақ басшылығы медальдар мен дипломдар табыстады.

IMG-20241012-WA0023

Айта кетейік, 19 қазан – Құтқарушылар күні. Осы күні өзгенің өмірі үшін өз басын қауіп-қатерге тігіп, халық игілігі жолында жан аямай қызмет етіп жүрген сала мамандарының кәсіби мерекесі аталып өтеді.

IMG-20241012-WA0021

IMG-20241012-WA0019

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале