Орал қаласында 10-25 қараша күндері Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі өтеді. «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атауымен өтетін көшпелі көрме қаладағы тарихи-өлкетану музейінде ашылады.
Фото дереккөзі: https://e-history.kz
Қызылорда облысының 85 жылдығына арналған көрмеде Сырдың мәдениеті мен өнері, тамырлы тарихы баяндалады.
Көрме 10 қараша сағат 15:00-де ашылады. Батысқазақстандықтар көшпелі көрмені 15 күн бойы тамашалай алады.
zhaikpress.kz