20.06.2024, 11:15
Оқылды: 176

Оралда лагерьлердің жұмысы тексерілді

Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері Орал қаласындағы «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы мен «Самал» туристік лагерін аралады. Облыс әкімінің орынбасары, аталған комиссияның төрағасы Бақытжан Нарымбетов лагерьдегі балалармен сұхбаттасып, жазғы маусымда толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтып, жаңа оқу жылын тың күшпен бастаңыздар деген тілегін жеткізді.

FC0EC82E-CD4F-4681-9396-4E1A4CFBB16B

– Қазіргі таңда өңірімізде жазғы лагерьлер ұйымдастырылып, балалардың бос уақы­тын тиімді пайдалану мақсатында жүйелі жұмыс жүр­гізіліп жатыр. Ондағы мақ­сат – оқушылардың жан-жақ­ты дамуына, олардың өзіне деген сенімділігін арттыруы­на ықпал ету. Бүгінде «Атамекенде» – 220, «Самалда» – 63 бала демалуда. 23 жыл бұ­рын мен де дәл осы «Атаме­кен» лагеріне келіп едім. Балалар емін-еркін пікір алма­сып, сурет салып, жол ереже­лерін үйреніп, уақытты керемет өткізуде. Олардың осы жерден тың серпіліс, қуат жи­нап аттанатынына сене­мін, – деді Бақытжан Хабер­ұлы.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аяжан Жүнісо­ва­ның мәлімдеуінше, өңірімізде биыл лагерьлерге 1-10 сынып аралығындағы 105 935 оқушы барады. Облыста 618 лагерь бар.

C9CDA496-DB53-4FDE-80C1-9357AD908FD4

– «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан 829 оқушыға квота берілді. Бүгінгі таңда 426 лагерьдің жұмысы басталды. Төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен су тасқынынан зардап шеккен жанұялардан 183 бала сәуірде, 160 бала мамырда сауықтыруға жіберілді. Бұдан бөлек оларды басқа өңірлердегі лагерьлерге және экскурсияларға жіберу жоспарлануда.

«Атамекен», «Самал» лагерьлеріне қатысып жатқан оқушылардың арасында табиғи апаттан зардап шеккен отбасылардың балалары бар, – деді Аяжан Бауыржанқызы.

Облыс әкімдігінің жанын­дағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөнін­дегі комиссия мүшелері ба­лалардың ойнайтын жерле­рін, олардың қауіпсіздігін, жуынатын, ұйықтайтын бөл­мелерді толық тексерді.

Алдағы уақытта осы бағытта жұмыстар жүргізіліп, лагерь­лердегі жағдайдың қашанда  бақылауда болатынын жет­кіз­ді.

Марлен Ғилымхан

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале