Бүгін Орал қалалық №17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша қалалық мәслихат қатарынан шығып қалған депутаттың орнына сайлау өтуде. Аталған аумақта тұратын 11 542 сайлаушылардың дауыс беруі үшін жеті учаскелік комиссия жұмыс жасап отыр.
Саяси науқанның шынайы және әділ өтуін аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары, үміткерлердің сенім білдірген тұлғалары, бұқаралық апарат құралдарының өкілдері қадағалауда.
Учаскелік сайлау комиссиялары таңғы сағат 7:00-ден бастап дауыс берушілерді қабылдауда.
Орал қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы