14.04.2025, 14:45
Оқылды: 591

Оралда мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2025» облыстық байқауы өтті

Департамент пен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы бірлесіп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» облыстық байқауын ұйымдастырды. WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.14.02

Байқаудың мақсаты - мемлекеттік қызметшілер арасында үш тілде білім беру идеясын насихаттау, үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау, тіл мәдениетін көтеру болатын.

Аталмыш байқауға аудандар мен Орал қаласынан жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Байқауға қатысушылар «Сөзтаным», «Елтаным» және  «Ойтаным» атты үш кезең бойынша сыңға түсті. Осылайша, іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілер сұрақтарға жауап беріп, өздерінің өнерлерін көрсетті.

Байқауға мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дәурен Хаиров, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті шет тілдері мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Эльмира Утемисова, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті тіл мен әдебиет мұғалімдерін дайындау білім беру бағдарламасының аға оқытушылары Райхан Макулова мен phD Камшат Жұмашева,  Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Света Ғаниевалар қазылық етті.

WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.14.03 (1)

Қазылар алқасының шешімі бойынша байқаудың ІІІ орын жүлдесі Шыңғырлау әкімі аппаратының бас маманы Досхан Шотпановқа бұйырса, ІІ орынға Теректі ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Элеонора Карабалина лайықты болды. Ал, үш тілді еркін меңгергенін дәлелдеп, өзінің білімі мен тапқырлығының арқасында әріптестерін қапы қалдырған Дәулетжан Мұханбетқалиев байқау жеңімпазы атанды. Ол бүгінде Орал қаласы,  Зачаган кенті әкімдігінің абаттандыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарады.

Іс-шара соңында жүлдегерлер мен қатысушылар диплом, алғыс xат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

WhatsApp Image 2025-04-14 at 15.14.03

 

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Батыс Қазақстан

облысы бойынша департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале