21.11.2024, 10:30
Оқылды: 17

Оралда «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» байқауы өтті

Орал қаласындағы Достық үйінде Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқау өтті.

d733af63-7aa4-4eff-9c08-b1867f32228c

Оған облыстың әр ауданынан 12 мемлекеттік қызметші қатысып, қазақ тілін меңгеру деңгейін, сөйлеу мәдениеті мен шеберлігін көрсетті.

«Шараның мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру және олардың қызметтегі қазақ тіліне деген қызығушылығы мен құрметін нығайту. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар өзін ауызша немесе өлең түрінде таныстырып, тіл білу шеберлігін көрсетті. Келесі кезеңде экранда көрсетілген тақырыптар бойынша мемлекеттік тілде өз ойларын жеткізді. Үшінші кезеңде қатысушылар мемлекеттік қызмет барысында кездесетін жағдаяттарды шешу жолдарын ұсынып, шешім қабылдау және баяндау шеберліктерін байқатты. Соңғы кезеңде олар ақын-жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқып, өнерге деген бейімділігін танытты.

8b724c73-b2fe-486a-8bb9-24abd0bbc120

Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. І орынды Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Гүлмарал Даулетова, ІІ орынды Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Ләззат Ерболатқызы мен Бөрлі ауданы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Ернұр Маратұлы, ІІІ орынды Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округінің әкімі Рысбек Ерболатұлы, Сырым ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мәншүк Мәлікқызы және Сырым ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Перизат Болатқызы иемденді.

2d265b6d-4f6a-40b6-a2bc-d8d5f81fa1c2

Жеңімпаздар мемлекеттік тіл саясатын насихаттау және мемлекеттік қызметте қазақ тілінің мәртебесін арттыру жолындағы үлесі үшін марапатталды», - деп хабарлады басқарма.

2ee987b4-2386-4fb1-91b2-3e22e174b971

Шараның соңында барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, ұйымдастырушылар мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге үлес қосқан мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ерекше атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале