1.06.2025, 16:00
Оқылды: 124

Оралда «Мен бақытты баламын!» фестивалі өтіп, балалардың арманы мен ұсыныстары тыңдалды

Оралда «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған «Мен бақытты баламын!» атты фестиваль балалардың шығармашылық әлеуетін дамытып, олардың ұсыныстары мен армандарын тыңдауға бағытталды, деп хабарлайды Орал қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі.

b1bd187f-92ef-44ff-86ad-2e35fe4f6e21

Фестиваль аясында өткен «Өзгерісті өзіңнен баста» алаңында қала мектептерінің белсенді оқушылары өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Атап айтқанда, Зашаған кентінің оқушылары көпбейінді оқушылар сарайын салу қажеттігін көтерді.

Олардың айтуынша, кентте алты орта мектеп бар және мектеп жасындағы балалар саны 10 мыңға жуықтайды.

Фестиваль барысында балалардың денсаулығын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және қауіпсіздік ережелерін үйретуге бағытталған түрлі алаңдар жұмыс істеді.

329d1290-c967-41e7-b295-faeb2d9151f9

Атап айтқанда, «Жазғы кітап әлемі», «Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі», «Қайсар жүрек», «Отбасы – бақыт мекені», «Өнер мен қиял әлемі», «Робоәлем», «Жарқыра, балапан» сынды алаңдарда балалар мен ата-аналар белсенді қатысып, пайдалы ақпараттармен танысты.

#қазақстанбалалары #балаларүні

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале