24.02.2025, 12:00
Оқылды: 216

Оралда «Мен чемпион боламын!» ертегісінің премьерасы өтті

Қазіргі заман – технология дамыған уақыт. Телефон бізге пайдалы ақпарат алуға, білімімізді кеңейтуге және байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Дегенмен, оны шектен тыс пайдалану денсаулыққа зиян екенін балалар ұғына бермейді. Осыған орай Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында халқымыздың аяулы перзенті, қазақ сатирасының классигі, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының иегері Оспанхан Әубәкіровтің «Қожа мен спорт» туындысы бойынша «Мен чемпион боламын!» ертегісінің премьерасы өтті.

WhatsApp Image 2025-02-24 at 12.47.44

Бұл ертегі балаларға салт-дәстүрді дәріптеу арқылы жалқау болмауға, ұялы телефонға телмірмеуге, спортпен шұғылдануға тәрбиелейді.

Басты Қожаның рөлін театр актеры Ерсұлтан Мурзагалиев ойнады. Ұйқысын қимайтын Қожа түс көру арқылы спортпен жолығып өзін-өзі тәрбиелейді. Түсінде спортпен шұғылдану керектігін, жалқаулық жаман әдет екенін ұғынады. Оған себепкер болған құрбысы Алтыншаштың рөлін сомдаған актриса Наргиз Габдылгазизова. Ата-әжесінің рөлін сомдағандар театр актеры ҚР мәдениет саласының үздігі Асылжан Жакин мен Назгүл Батанова өте сәтті образ жасаған.

Қойылымда жағымсыз кейіпкерлерді ойнаған актрисалар Ақтілек Шалабаева мен Назерке Есенова балаларды қызыққа бөледі. Спортпен шұғылдануға кеңес берген актер Ғаділ Амандық, бокс сахнасында рэфер Арсен Нуфтигалиев, Қожаның қарсыласы Сойқан рөлінде Құдайберген Хамитов, Рамазан Қамешов, актрисалар Алмагүл Жантурина, Дильназ Қуанышалиева балалар көңілінен шықты.

Қойылымның қоюшы режиссері ҚР Мәдениет саласының үздігі Самал Абуов. Қоюшы суретшісі Юлия Довгань. Костюм суретшісі Елена Кузнецова.

Сөйтіп, Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының репертуары тағы бір жаңа қойылыммен толықты. Балалардың театрға деген қызығушылығы артып келеді.

Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале