Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің ұйымдастыруымен бейнетүсірілім, оны өңдеу және фотоға түсіру жолдары туралы түсінік алу мақсатында «Mobilagrafia» шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағатына БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің “Маркетолог немесе әлеуметтік медиа маркетингі” маманы Калмурзин Думан Талғатұлы шақырылды.
Аталмыш шараға бірлестікке қарасты 22 бөлімнің қызметкерлері қатысты.
Шара аясында Думан Талғатұлы телефон арқылы Play Mаркеттен жүктелген бағдарламалармен қатар телефоннан фотоға түсіру, оны арнайы бағдарлама арқылы сапалы фотоға айналдыруға болатындығы туралы ақпарат беріп өтті.
Ұйымдастырылған шараға бейнетүсірілім мен оны өңдеу жолдарынан тәжірибе алмасу үшін қаламыздың талантты жас СММ мамандары қатысты.
Шебердің сағатына қатысқан мамандар қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, тәжірбие алмасу жұмысы жалғасын табатындығын жеткізді.
Ертай Бимұханов,
zhaikpress.kz