20.02.2024, 16:00
Оқылды: 67

Оралда мүгедектерге арналған қаражаттың талан-таражға салынғаны анықталды

Бұл туралы БҚО прокуратурасының сайтында жазылды.

ЖП ақша

Прокуратура қызметкерлері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен бөлінген50 миллион теңгеден астам шығынды анықтады.

Бұл факт мүгедектігі бар адамдарды автомобильмен тасымалдауға қатысты қызмет көрсетуді тексеру барысында анықталған.

- Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін өнім беруші көрсетілген қызметке қатысты жалған акт істеп, сағат  және көрсетілетін қызметті алушы санын асырып көрсеткен.  Осылайша бюджет қаражатын негізсіз жойған.

Материал прокуратура ақпаратын есепке алу кітабында тіркелген және ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) шешім қабылдау үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық-тергеу департаментіне жолданды, - делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале