9.02.2022, 15:22
Оқылды: 58

Оралда Мұқағали Мақатаев оқулары өтті

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ақынның туған күнімен тұспа-тұс Орал қаласында республикалық «Мұқағали оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті.

WhatsApp Image 2022-02-09 at 15.13.49

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын оқушылар арасында насихаттау, өскелең ұрпақтың поэзияға құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсінуге және өз ой-пірікрлерін ғылыми тұрғыда жеткізе білуге үйрету мақсатындағы байқауға қала мектептерінің 8-11 сынып оқушылары белсенді қатысты.

Үміткерлер байқау талаптарына сай «Айтып өткен ақында арман бар ма?», «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды», «Жыр эстфетасы», «Жырлайды жүрек», «Сыр сандықты ашып қара, ашып қара, сырласым», «Мұқағали мұрасын кім біледі?» айдарлары бойынша ақын өлеңдерін жатқа оқу, өз туындыларын оқу, берілген тақырыпқа өлең құрау кезеңдерінен өтіп, ақын өлеңдеріне талдау жасады және Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді.

«Ақын мұражайына менің үлесім» айдары бойынша ақын шығармашылығына байланысты өздері дайындаған бұйымдары мен суреттерін, ақынның танылмаған қырын көрсететін жобаларын, зерттеулерін таныстырды.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жүлдегерлер анықталып, №37 орта мектептің 8-сынып оқушысы Мадина Абдушеваға облыстық кезеңге жолдама берілді.

Байқаудың облыстық кезеңі 11 ақпан күні «Дарын» орталығында өтеді. Ал қорытынды – республикалық кезең мұзбалақ ақынның туған жері Алматы облысының Райымбек ауданы Қарасаз ауылында өтеді деп күтілуде.

 

Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале