7.11.2025, 16:30
Оқылды: 199

Оралда «NatRoboCom-2025» республикалық робототехника жарысы өтті

Орал қаласында республикалық деңгейдегі «NatRoboCom-2025 (National Robotics Competition)» робототехника жарысы өтті. Іс-шара оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, роботты құрастыру және бағдарламалау бағытындағы дарынды оқушыларды анықтау, сондай-ақ олардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025-11-07 at 16.36.59

Жарысқа Қызылорда облысы, Жамбыл облысы және Орал қаласының 10–17 жас аралығындағы мектеп оқушыларының командалары қатысты. Әр команда құрамында екі оқушыдан аспайды. Қатысушылар өздері жасаған роботтарды таныстырып, түрлі техникалық және бағдарламалық тапсырмаларды орындады.

WhatsApp Image 2025-11-07 at 16.36.59 (2)

Айта кету керек, «NatRoboCom» жарысы алғаш рет 2018 жылы ұйымдастырылған, ал бұл жолы дода екінші рет өтіп отыр. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, келесі жылы жарыс үшінші рет ұйымдастырылып, Министрлік тарапынан ресми бекітіледі — бұл іс-шараның мәртебесін одан әрі арттырады.

WhatsApp Image 2025-11-07 at 16.36.59 (1)

Облыстық техникалық шығармашылық орталығының директоры Мәуленов Бақытжан Базарқылұлы өз сөзіне былай деп тоқталды:

«Алғашында жарыстарда көбіне шетелдік — жапондық пен америкалық ойын элементтерін қолданатынбыз. 2017 жылы мынадай ой келді: неге өзіміздің ұлттық ойындарды да насихаттамасқа? Сол себепті жарыс бағдарламасына асық ату, қыз қуу, арқан тартыс, ақ сүйек сияқты қазақтың дәстүрлі ойындарын енгіздік. Бұл жастардың ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырады», — деді ол.

WhatsApp Image 2025-11-07 at 16.37.00

Жарыс нәтижелері бойынша үздік шыққан командалар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай шаралар оқушылардың техникалық және шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, сондай-ақ инженерлік және IT мамандықтарына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

Бекзат Қанәділ, 

zhaikpress.kz

Суреттер автордікі

WhatsApp Image 2025-11-07 at 16.36.57 WhatsApp Image 2025-11-07 at 16.36.56

WhatsApp Image 2025-11-07 at 16.37.00 (1) 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале