27.02.2025, 16:15
Оқылды: 756

Оралда Наурыз мейрамы қалай аталып өтілетіні белгілі болды

Оралда Наурыз мейрамына арналған ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов пен Орал қаласы әкімінің орынбасары Аслан Тапишов мейрамға арналған бағдарламаны таныстырды.

Наурыз ЖП

14-23 наурыз күндері өтетін «Наурызнама» онкүндігі аясында әр күн белгілі бір тақырыпқа арналады. Көрісу күні, Қайырымдылық күні, Ұлттық киім күні, Ұлттық спорт күні сынды атаулы күндер мерекенің мазмұнын байыта түседі. Сонымен қатар ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған театрландырылған қойылымдар, этнофестивальдер, ұлттық спорт жарыстары мен қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

22 наурызда ҚР Тұңғыш Президенті алаңында басты шара өтеді. Киіз үйлер тігіліп, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесі, концерттік бағдарлама ұсынылады. Кешкісін концерт пен отшашу жоспарланған.

Сонымен қатар қала көшелері мен қоғамдық орындар Наурызға сай безендіріліп, «Наурыз нақышымен безендірілген ең тартымды үй», «Ең таза подъезд», «Наурыз стилімен әрленген ең әдемі көше» сынды байқаулар ұйымдастырылады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале