20.03.2025, 23:00
Оқылды: 380

Оралда Наурыз мейрамы қарсаңында 120 отбасы баспаналы болды

Бүгін жаңа Ақжайық шағынауданында тағы бір тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.

8fbbfb9c-3320-4d7c-9190-5966c37b436aСурет авторы: Мәди Салық

Мемлекеттік бюджет есебінен салынған үй «Отбасы банк» АҚ арқылы төмен мөлшерлемемен кезекте тұрған отбасыларға берілді.

Жаңа қоныс иелерін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады.

5615bfd6-aa29-465a-a601-441c77584e58

«Наурыз мейрамы қарсаңында қуанышқа кенеліп жатсыздар. Мемлекет басшысы халыққа әр Жолдауында отбасыларды тұрғын үймен қамту мәселесіне ерекше мән береді. Біздің облыста баспанаға мұқтаж азаматтардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Жаңа Ақжайық шағынауданы 30 мың адамға арналған. Барлығы 76 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Қазір мұнда тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін қажетті инфрақұрылым қалыптасып жатыр. Алдағы уақытта шағын ауданда мектеп, балабақша, облыстық аурухана, перинаталды орталық секілді маңызды әлеуметтік нысандар салынады», - деген өңір басшысы жаңа пәтер иелерінің шаңырағына құт-береке тіледі.

fefd6d4a-b3d8-414b-a982-318d467bc9d4

Жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің қүрылысын «Альтаир СК-7» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген. Мұнда барлығы 120 пәтер бар.

62a9b01c-d2cd-4743-965b-d72b5ced8651

Жалпы Ақжайық шағынауданында осымен бесінші көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Наурыз айының басында аталған шағын ауданға қатынайтын жаңа қоғамдық көлік бағыты желіге шыққан болатын.

#nauryznamabqo2025

@zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале