Оралдағы Зашаған кенті маңында «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС көлемі 55 000 шаршы метр жылыжай салуда. Құны 6 млрд. теңге болатын жоба келесі жылы аяқталмақ. Қала әкімі Абат Шыныбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде бұл Батыс Қазақстандағы ең ірі жылыжай кешені болатынын ерекше атап өтті.
-Қаланың аграрлық секторында 56 ауыл шаруашылық құрылымы бар. Олардың дені өсімдік шаруашылығымен айналысады. Тек 12%-ы мал шаруашылығымен шұғылдануда Ал 8 шаруа қожалығында жылыжай жұмыс жасайды. Биыл 32,7 мың шаршы метрге көкөніс отырғызылып, 148 тоннаға жуық өнім жиналды. Таза табиғи өнім базарлар мен дүкендерде сатылды, - деді Абат Шыныбеков.
Динара Насыр
суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер