11.12.2025, 15:30
Оқылды: 75

Оралда облыстық батагөйлер байқауы өтті

Бүгін Жастар мәдениет сарайында БҚО қоғамдық даму басқармасы, облыстық ардагерлер кеңесі және «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен «Бата дарып, бақ қонсын!» атты облыстық батагөйлер байқауы өтті.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 15.49.59 (1)

Ұлттың рухани болмысын дәріптеуге бағытталған бұл шара қазақы салт-дәстүрді жаңғыртып, батаның қадірін жас ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен. Байқауға облыстың барлық аудандары мен Орал қаласынан 13 батагөй қатысты.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 15.50.03 (1)

Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып, қалың көрерменге бата берді. Ал екінші кезеңде батагөйлер жеребеден таңдалған тақырып бойынша бата айту керек болды. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды (200 000 теңге) Казталов ауданынан келген Болат Бекешов жеңіп алды. 2-орынға (170 000 теңге) шыңғырлаулық Жұмабай Байғалиев ие болса, 3-орын (150 000 теңге) Орал қаласының атынан қатысқан Серік Қарабалинге бұйырды.

WhatsApp Image 2025-12-11 at 15.50.03 (2)

Барлық қатысушыларға алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Жанерке Ғинаят

"Орал өңірі"

WhatsApp Image 2025-12-11 at 15.49.59

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале