15.05.2024, 19:00
Оқылды: 69

Оралда облыстық пәндік олимпиада жүлдегерлері марапатталды

Бүгін халықаралық Отбасы күніне орай салтанат сарайында «Өрелі ұрпақ – өнегелі отбасынан» шарасы өтті. Шарада пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері марапатталып, ата-аналарына құрмет көрсетілді  деп хабарлайды Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

IMG-20240515-WA0051

Мереке аясында ұйымдастырылған жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Арсен Губашев халықаралық отбасы күнімен құттықтап, баланың дарынын ұштауда мектеп пен ата-ана ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

– Әр жылы оралдық оқушылар пәндік олимпиадаларда жоғары жетістікке ие болып, командалық есепте төртінші жыл қатарынан облыста бірінші орынды келеді. Бұл оқушыларымыздың, жетекші ұстаздарының деңгейін көрсетеді әрі осындай жетістік ата-ана үшін де мақтаныш. Білім мен тәрбие – егіз ұғым. Әр білім ұйымы ата-анамен тығыз байланыста болуы, бірлескен жобаларды жүзеге асыруы маңызды. Өйткені жас ұрпақты тәрбеиелуде мектеп мен отбасы одағының мығым болуы зор табысқа жетелейтіні анық, – деген Арсен Зинатұлы қала әкімі атынан ата-аналар мен оқушыларға алғыс хаттар табыстап, сыйлықтар ұсынды.

Облыстық жалпы білім беретін пәндер олимпиадада қала мектептерінен 10 оқушы – І орын, 14 оқушы – ІІ орын, 14 оқушы – ІІІ орын иеленді.

«Білекті бірді, білімді мыңды жығады» ұстанымындағы дарындар атынан жиын Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп лицейдің 11 сынып оқушысы Айзада Тасанова, №17 орта мектептің оқушысы Данил Вишневский, №35 лицейдің оқушысы Арина Талалаева барысында шығарамашылық байқаулардағы жетістіктері, зерттеушілік жұмыстарға қызығушылықтары туралы бөлісті. Ата-аналары мен ұстаздарына алғыстарын білдіріп, болашақта еліміздің бәсекеге қабілетті жастары қатарын толықтырып, адал қызмет ететіндеріне сендірді.

Сонымен қатар Эстетикалық бағыттағы гимназия оқушысы Айнель Айтпукешованың әкесі Айдарбек Айтпукешов пен Д.Қонаев №44 мектеп гимназия оқушысы Карина Амангалиеваның анасы Жанна Рамазанқызы сөз алды. Отбасы күні аясында айшықты шараның ұйымдастыруға ұйтқы болған қала әкімдігі мен білім беру бөліміне ықыластарын білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале