Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Оралдағы №24 мектептің аумағын тазарту және өсімдіктер егу бойынша экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Оған мектеп ұжымы мен оқушылар қатысты.
Бұл шараға қатысқан барлық оқушы өздері оқитын мектептің ауласын, айналасын қоқыстан тазалады. Гүл егіп, түрлі өсімдіктерді баптау жұмысының қыр-сырымен танысты.
- Жалпы біздің мектеп экологиялық бағытта жұмыстанады. Бұл біздің балалар қатысып отырған алғашқы тазалық акциясы емес. Біздің мектептің өзінің экологиялық бағыттағы жобалары бар. Балардың бойына табиғатты қорғауды, тазалықты дарыту бағытында үздіксіз жұмыс жүріп келеді. Бүгін мектептің 20-дан астам оқушысы осы акцияға қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті, - деп атап өтті №24 мектептің директоры Гүлсім Сатыбаева.
Айта кетейік, бүгін қала бойынша «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Бұл шараға қаланың барлық тұрғыны қатысып, әркім өз қолынан келген жұмысты атқарып, туған қаланың тазалығына үлес қосып жатыр.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz