17.08.2021, 15:33
Оқылды: 44

Оралда «Өлең – сөздің патшасы» атты әдеби-сазды кеш өтті

Абай – қазақ поэзиясының биік шыңы, құдіретті ақыны. Абайдың жүрек шерімен жазған туындыларының тағылымы мәңгілік қымбат қазына. Абай жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың ұлы десек, артық айтқандық болмас. 

а1

Осы орайда ұлтымыздың дара туған ұлы перзенті, хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толуына орай Орал шаһарындағы №5517 әскери бөлімінде «Өлең – сөздің патшасы» атты әдеби-сазды кеш өтті.

а2

Қазақ әдебиетінің классигі, философы Абайдың өмір жолы мен әдеби туындыларымен таныстырып, насихаттау, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру, сонымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін асырып, оның қолданыс аясын кеңейтуге қомақты үлес қосуды көздеген мерекелік кешті  әскери бөлімінің тәрбиеші офицерлері, майор Алмагүл Жұмабекова мен капитан Ертұған Әубакір ұйымдастырды.

а3

Әдеби кеш «Өлең – сөздің патшасы» («Абай өлеңдерін оқу»); «Құлақтан кіріп, бойды алар....» («Абай әндерін орындау») және «Абайдың қара сөздерін жатқа оқу» аталымдары бойынша өтті.

Әсіресе, қатардағы жауынгерлер Сержан Марқан, Әділхан Сәли, Алтынбек Батыров, Серік Жылқыбаевтар ақынның шығармашылығы туралы ғажайып білімдерін көрсетті. Сарапшы мамандардың шешімімен барлық қатысушылар алғыс хат, грамотталармен марапатталды.

 

Ерболат Сұлтанов,

подполковник

Орал қаласы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале