24.10.2017, 17:43
Оқылды: 25

«Оралда он алты көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қолға алынбақ»

d78ac5fc824fc7f232e447f90a7eacb3_resize_w_520_h_Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы кезекті брифингке Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев баяндады.

Биыл Орал қаласының алып құрылыс алаңына айналғаны рас. Тоғыз айдың ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты сегіз тұрғын үй салынуда, бұл дегеніңіз жалпы аумағы 70 мың шаршы метрді құрайтын 1180 пәтер.

Қазіргі таңда «Бәйтерек Девелопмент» АҚ желісі бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына және облигациялық қарыздар есебінен берілетін төрт үйдің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында Деповская көшесінде бой көтерген көпқабатты тағы бір үй апатты үйлердің тұрғындарына пайдалануға берілді. Дақ №6, №33, №34 үйлердің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал келер жылы он алты көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қолға алынбақ, олардың тоғызы Зашаған кентінде, жетеуі қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орын теппек.

Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту бағытында жеті үйге күрделі жөндеу жоспарланған екен. Жалпы сомасы 80 млн теңгені құрайтын төрт үйдің (Есқалиев 182, 25-Чапаев дивизиясы 2, Жәңгір хан 18/1 және Гагарин 67) жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

         Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале