Бүгін сағат 17.46-да Орал қаласы, Селекционный кенті, Н.Башмаков көшесі 6, №1 өнер мектебінің бір қабатты ғимараты (5 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған) шатырында рубероидты төсеу жұмыстарын жүргізу кезінде газ қоспасының жарылуы орын алып, шамамен 40 ш.м. алаң (қираусыз) жанып кетті, деп хабарлайды БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуі арқасында өрттің өршуіне жол берілмеді.
Өртке 3 ранг беріліп, оқиға орнына ТЖД-дан 48 адам және 9 бірлік техника шыққан болатын.
Оқиға орнына жеткен кезде 3 ранг расталмады, төтенше жағдайлар департаментінен 9 адам, 2 бірлік техника жұмыс жасады.
Өрт орнына ТЖД бастығы, ТЖД бастығының орынбасары және "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы барды.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрт сағат 18.00-де оқшауланып, 18.15-те толықтай жойылды.