16.09.2020, 19:00
Оқылды: 27

Оралда өрендерге ноутбуктер табысталды

Бүгін Орал қалалық А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқолығынсыз қалған отбасының балаларына ҚР Үкіметінің резервінен алынған ноутбуктер таратылды.
утбук 1

- Қазіргі таңда мектебімізде көпбалалы отбасынан шыққан 302 оқушы бар. Бүгінгі күнге дейін 62 ноутбук, 45 планшет және 100 роутер (интернеттің жылдамдығын күшейткіш құрылғы) үлестірген едік. Бүгін ата-аналардың сұранысына қарай тағы да 35 ноутбукты табыстаудамыз. Алдағы уақытта қосымша 65 ноутбук жеткізілетін болады, - дейді аталмыш мектептің әлеуметтік педагогы Альфия Наджимова.

Ноутбук 2

- Биылғы жыл пандемияға байланысты өткен жылмен салыстырғанда өзгеше басталды. Қазіргі таңда орта және жоғары сынып оқушылары қашықтан білім алуда. Соған орай, қашықтан оқитын жоғарыда аталған санаттағы отбасының балаларын компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз етуді қолға алдық. Өткен аптада аз қамтылған отбасының балаларына 600 планшет, 500 ноутбук алынды. Бүгінгі күнге дейін аз қамтылған отбасыдан шыққан 3500-ге жуық оқушы жаңа компьютерлік құрылғылармен қамтамасыз етілді. Қосымша тағы да бірнеше дана компьютерлік құрылғыларға тапсырып бердік. Одан бөлек компьютерге мұқтаж, бірақ ешқандай санатқа кірмейтін отбасыларға да беруді қарастырудамыз. Компьютерлер келісімшарт арқылы тек уақытша қолданылуға беріледі. Оны сындырмай, мұқият пайдалану ата-аналардың жуапкершілігіне жүктеледі. Ал интернетпен қамтамасыз ету өткен оқу жылының соңғы тоқсанымен салыстырғанда біраз жақсарды. Жаз айында барлық аудан-қалада мониторинг жұмыстарын жүргізіп, интернет жеткізуші ұялы байланыс компанияларымен келісімшарттар жасалды. Зашаған ауданында интернеттің 4G жылдамдығы іске қосылды, аталмыш мәселе осылай біртіндеп шешімін тауып келеді. Бүгінгі таңда демушілердің көмегімен 11 млн теңге қаражат жиналып, қажетті мақсаттарға жұмсаудамыз. Сондай-ақ, биылғы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек беру көлемі 10 млн теңгеге дейін артты, - деді Орал қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Батиқа Пайдина.

 

Ләззат Шағатай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале