5.05.2025, 10:00
Оқылды: 564

Оралда өртенген гараж орнынан ер адамның мүрдесі табылды

Орал қаласында гараж отқа оранды, деп жазады kaz.inform.kz.

пожар техникаЖП

БҚО ТЖД департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 2 мамыр күні М.Шолохов көшесі 15-мекенжайында сағат 07.48-де болды. Қызыл жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін ауыздықталды.

Өртенген орыннан 15 баллон (біреуі газ, біреуі оттегі, қалғаны фреон) шығарылды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, өрт сөндірілгеннен кейін жанып кеткен ер адамның мүрдесі табылды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале