Бүгін таңғы сағат 06.45-те БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің орталық пунктіне Зашаған кенті Южная көшесі 11-мекенжайында уақытша тұрғын үйдің жанып жатқаны жөнінде мәлімет түскен.
БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, уақытша мекенжайда жиһаз, ішінара еден және жеке заттар отқа оранған.
Өрт орнынан үш адамның мүрдесі табылды. 1994 жылғы азаматша, 2011 жылғы бала және үшінші адам анықталу үстінде.
Өрттің жалпы аумағы 10 шаршы метрді құрады. 07.30-да өрттің беті қайтып, 07.51-де толықтай ауыздықталды. Оны сөндіруге 3 техника, 12 адам жұмылдырылды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келген шығын, кінәлілер анықталуда. Осы оқиғаға байланысты БҚО ІІД жедел тергеу тобы жұмыс жасауда.
zhaikpress.kz