23.06.2020, 14:03
Оқылды: 73

Оралда отбасы орталығы ашылды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың экономикалық  дербестігін қамтамасыз етіп, қиын жағдайға түскен азаматтарымызға одан шығар жол көрсету керек",- деген тапсырмасын іске асыру мақсатында Орал қаласында «Отбасы» орталығы ашылды.

837B46F8-EB4D-4736-95EB-1E9C80DCF491

-Мемлекетіміздің баға жетпес құндылықтарының бірі – отбасы. Әр берекелі жанұя еліміздегі ынтымақ пен татулықтың негізі саналады. Орталықты ашудағы мақсатымыз қолдауды қажет ететін жанұяларға көмек көрсету, өз ісін бастауына жәрдемдесу және қиын жағдайға түскен азаматтарымызға психологиялық жағынан қолдау білдіру болып табылады. Отбасылық мәселелердің шешу жолдарын көрсетуге бағытталған орталық әр азаматымызға қажетті көмек ұсынуға дайын,-деді мекеменің ашылу салтанатына арнайы келген шаһар басшысы Абат Шыныбеков.

89F3D584-93C9-43DF-9487-ED254123C33C

Орталық меңгерушісі Талшынай Жүністің айтуынша, мекеме аз қамтылған отбасыларды, көпбалалы аналарды өз құқықтарын сауатты пайдалануға бағыттай отырып, өздеріне тиесілі әлеуметтік көмектерді толық алуына жан-жақты көмектеспек екен. Қажетті құрал-жабдықпен қамтылған нысан Орал қаласының ғана емес, өңіріміздің аудандарынан келген нәзік жандыларға да қажетті көмек көрсететін болады.

D7EE8395-1F00-4331-9E77-E7396CFE3427

-Еңбек нарығына қажетті мамандықтарды игеруге жәржемдесу, сондай-ақ нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша несие аламын деген жандарға да кеңес беретін боламыз. Карантин кезінде көп азаматша электронды қолтаңба ала алмағанын көрдік. Сондай жандардың компьютерлік сауатын арттыруға да орталық жәрдемдеседі,- дейді Талшынай Орынбекқызы.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының жанынан құрылған мекемеде психолог, әлеуметтік қызметкер, түрлі тренингтер мен шеберлік сағаттарын ұйымдастыратын әдіскерлер жұмыс жасайды. Сондай-ақ балалар бөлмесі де қарастырылған. Нысан ішін аралап, әр маманмен және келушілермен тілдескен қала әкімі Абат Шыныбеков «Отбасы» орталығының жұмысына сәттілік тіледі.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале