Дәл қазір Оралда Отбасы күніне орай «Біздің бақытты отбасы» атауымен эстафеталық сайыс басталды.
Онда су тасқынынан кейін эвакуациялық пунктте тұрып жатқан отбасылар бақ сынап жатыр.
– Бүгінгі спорттық шара отбасыларға арналған. Эстафетаға көктемгі су тасқынынан зардап шеккен, қазір эвакуациялық пункттерде тұрып жатқан жанұялар қатысып жатыр. Қазір бес отбасы бақ сынауда. Эстафета әкелерге, аналарға, балаларға арналған бөлімдерден тұрады, - дейді Қоғамдық даму басқармасы этнобірлестіктер мен азаматтық даму бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметов.
Суреттерді түсірген: Игілік Әміров
zhaikpress.kz