Орал қаласында Республика күнінде «Жұлдыз» комьюнити орталығының ұйымдастыруымен қалалық №12, №49, №48 мектептері, комьюнити орталықтары, аула клубтарының тәрбиеленушілері және ата-аналары арасында «Ұлттық өнер – өміршең қазына» атты отбасылық спорттық шара өтті. Сайыс «Nur-Er» ат спорты туристік орталығында ұйымдастырылды.
Спорттық жарысқа 12 отбасы қатысып, бақ сынады. Бұл туралы «Жұлдыз» комьюнити орталығының меңгерушісі Аэлита Батырханқызы хабарлады.
Нәтижесінде «садақ ату» ойынында І орынды Мажитовтер отбасы («Жас қыран» балалар аула клубы), ІІ орынды Нурмашевтер отбасы («Жас шебер» балалар аула клубы), ІІІ орынды Садиковтар отбасы («Достық» балалар аула клубы) иеленді. «Ұршық иіру» жарысында І орын Кусановтар отбасына (12 ЖОББМ), ІІ орын Садиковтар отбасына («Достық» балалар аула клубы), ІІІ орын Ганиевтер отбасына («Шұғыла» комьюнити орталығы) бұйырды.
Ал «ләңгі тебу» ойынында І орынды Садиковтар отбасы («Достық» балалар аула клубы), ІІ орынды «Нурмашевтер» отбасы («Жас шебер» балалар аула клубы), ІІІ орынды Қалиевтер отбасы («Атамекен» комьюнити орталығы), «асық ату» ойыны бойынша І орынды Сағынғалиевтер отбасы («Өркен» комьюнити орталығы), ІІ орынды Садиковтар отбасы («Достық» балалар аула клубы), ІІІ орынды Оралбаевтар отбасы («Балауса» комьюнити орталығы) жеңіп алды.