15.03.2023, 12:15
Оқылды: 75

Оралда «Отбасындағы 30 сабақ» кітабының тұсаукесері өтуде

Дәл қазір «Атамекен» өнер ордасында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қалалық кітапханалар жүйесінің ұйытқы болуымен «Отбасындағы 30 сабақ» кітабының тұсаукесері өтіп жатыр.

454a0a42-b761-4ce6-8406-5dc9b546b305

Кітап заңгер Абзал Құспан бастаған «Отбасы хрестоматиясы» жобасы аясында жарыққа шықты.

8199b833-a7fc-43ad-a90f-a160e2c90d90

Кітаптың тұсаукесер кешіне Алматы қаласынан «Отбасы хрестоматиясы» жобасы қоғамдық қорының атқарушы директоры Бағдат Құдияр мен «Отбасындағы 30 сабақ» кітабының авторларының бірі Әйгерім Аюбек қатысуда.

Айта кетейік, «Отбасындағы 30 сабақ» оқу құралы және жұмыс дәптерінен тұрады.

Кітапта бала мен жасөспірім тәрбиесіндегі отбасы құндылықтарының алар орны мен маңыздылығы ашық айтылады.

Гүлмира Сарсенғали

Суретке түсірген автор

zhaikpress.kz

6cb4553c-707c-4be7-bb0b-9d2b76fd8e80

24aa04ff-6290-464c-9cc7-8448fd093906 a8ece462-6517-4adf-a224-aee0182c2571 ee75a06f-3c86-4ac6-9953-95d3c5ec460a

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале