6.02.2020, 12:36
Оқылды: 60

Оралда өзге этнос өкілдері арасында Абай оқулары байқауы өтті

«Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық  бауырласы екенін танытты» деп Шыңғыс Айтматов айтқандай, өзге ұлыс өкілдерінің, соның ішінде жастарының қазақтың дана Абайының өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, әндерін нақышына келтіріп оқуға деген шынайы талпыныстары қуантарлық.

abai bqmu (2)

Байқау барысында Абайдың асыл сөзінен нәр алуға тырысқан жастар ақынның білім, ғылым, өнер, махаббат, адамдық  туралы өлеңдерін көбірек таңдапты. «Желсіз түнде жарық ай», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да...» «Көзімнің қарасы» әндерін әуелетіп шырқады.

abai bqmu (3)

 Байқауға орыс, татар, украин, өзбек, урдмурт, корей этносының өкілдері қатысты. Байқау қорытындысында Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу номинациясы бойынша Дейна Людмила жүлделі І орын, Хван Руслана ІІ орын, Артаева Мадина ІІІ орынды иеленсе, ақын әндерін орындау бойынша Нуркатова Алина жүлделі І орын, Евсюкова Наталья, Латышова Анна ІІ орын, Батталова Лилиана мен хор ұжымы ІІІ орынды иеленсе, өзге қатысушылар да алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапаталды.

abai bqmu (8)

«Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі, Абай аты боларға керек... Ең жоғары, ардақты орын – Абайдікі» деп Алаш ардақтысы Міржақып Дулатов сөзін ұғынған жастардың  Абай сөзін оқып қана қоймай, көңілге тоқып, даналық ойларын жүрекпен түсінгендерін айқын байқатты.

abai bqmu (1)

 

Рита Сұлтанғалиева

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың баспасөз қызметі

abai bqmu (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале