Оралдағы «Өрлеу» филиалы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасымен бірлесіп, ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі бұйрығымен педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын ақпараттандыру бойынша облыс педагогтерімен жұмыс жүргізуді бастады.
Ақпараттандыру жұмыстарында төмендегі аспектілерге басты назар аударылады: 2024 жылы аттестаттау кезеңі аяқталатын әдіскерлерге, білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарларына аттестаттау кезеңінің мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін өзгерту біліктілік санаты 2 жылға ұзартылады; Педагог жетістіктерінің тізіміне шығармашылық, спорттық конкурстар мен жарыстар енгізілді; 1 жылдан 2 жылға дейін санаттың қолданылу мерзімі ұзартылды:
* уақытша еңбекке жарамсыз;
* декреттік демалыстан кейінгі адамдар;
* білім беру ұйымдарынан Министрлікке, білім басқармаларына, әдістемелік кабинеттерге ауысқан
* Қазақстан Республикасына шетелден келген адамдарға.
* педагог басқа ұйымға ауысқан кезде санаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл қалады.
Педагогтерді ақпараттандыру мақсатында облыстың педагогикалық қоғамдастығымен онлайн форматта кездесулер, жиындар, кеңестер өткізілуде. Іс-шаралар бір апта ішінде барлық педагогтермен және білім беру ұйымдарында аттестаттауды өткізуге жауапты тұлғалармен өткізілетін болады. Іс-шаралар аясында апта бойы алдағы уақытта білім беру ұйымдарында аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты тұлғалармен және барлық мұғалімдермен кездесулер өткізілетін болады. Кездесулер кестесі облыстың барлық аудандары мен Орал қалалық білім бөлімдеріне жолданды.
Толқын Габдушева,
«Өрлеу» БАҰО» БҚО КДИ», PR SMM бас маманы