Warning: session_start(): open(/tmp/sess_0bbijaivdlgp03lmm7ogb55ehs, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Оралда полицейлер есірткі сатумен айналысқан күдіктіні құрықтады - официальные новости ЗКО
13.01.2025, 17:30
Оқылды: 338

Оралда полицейлер есірткі сатумен айналысқан күдіктіні құрықтады

Оралда полиция қызметкерлері Қостанай облысының тұрғынын есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

63e02b8b-bcef-4d50-a91b-e1417daa83f6

Сурет: Polisia.kz

Орал қаласында полиция қызметкерлері Қостанай облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіттен ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 37 «зип-пакет» тәркіленді. Сондай-ақ күдікті есірткі жасырған жерлерді көрсетіп, нәтижесінде ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 5 «зип-пакет» тәркіленді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале