12.11.2020, 9:10
Оқылды: 44

Оралда праймериздің екінші кезеңіне "Nur Otan" партиясынан үміткерлер іріктелді

Орал қаласында праймериздің екінші кезеңіне «Nur Otan» партиясынан үміткерлер іріктелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

прай

Праймериздің екінші кезеңіне депутаттарды іріктеу мақсатында «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының XXVIII конференциясы өтті. Қалалық партия филиалының төрағасы Абат Шыныбеков конференцияның күн тәртібімен таныстырып, праймериздің алғашқы кезеңінде тұрғындардан түскен ұсыныс-өтініштер негізінде жасалған Орал қалалық филалының сайлауалды бағдарламасын бекітті.

Сондай-ақ, конференция барысында праймериз дебаттары арқылы үміткерлерге дауыс беру туралы, Орал қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау үшін жетекші партиядан партиялық тізімнің бекітілуі туралы және облыстық конференцияға делегаттар тізімін ұсыну туралы ақпараттар тыңдалды.

Кезектен тыс қалалық конференцияның жалғасы праймериздің екінші кезеңіне өткен қатысушылар арасындағы жария пікірталастармен жалғасты. Орал қаласы бойынша праймериздің екінші кезеңіне 44 үміткер өтті. Оның ішінде 7 үміткер партияның қалалық филиалы төрағасының квотасы, қалған 37 үміткер жинаған ұпай рейтингілері бойынша сайланды. Қалалық мәслихатта сайлаушылардың көбеюіне байланысты мандаттар саны 22-ге жетті. Үміткерлердің өтініш-пікірлері мен олардың рейтингтік ұпайларын ескере отырып, партияның қалалық филиалы саяси кеңесі бюросының отырысында ашық пікірталасқа 24 қатысушы анықталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша өткен жария дебатқа қатысушы 24 үміткердің 12-сі облыстық партиялық тізімге енгізілсе, қалған 12-сі қалалық партиялық тізімде қалды. Облыстық мәслихаттағы партиялық тізімдер мен Мәжілістегі партиялық тізімге үміткерлерді анықтайтын «Nur Otan» партиясының аймақтық конференциясы 17 қараша күні өтеді. Жалпы, өңірдегі партияішілік іріктеудің екінші кезеңіне өткен 44 үміткердің 17-сі - әйелдер, 9-ы - 35 жасқа дейінгі жастар және екеуі - мүмкіндігі шектеулі жандар.

Сонымен қатар, праймериздің екінші кезеңіне қатысушы үміткерлердің қызмет ету саласы да әр түрлі. Олардың ішінде ең көбі кәсіпкерлер мен білім саласының мамандары болып табылады.

Еске сала кетсек, праймериздің алғашқы кезеңінде Батыс Қазақстан облысы бойынша 460 үміткер қатысуға өтінім берген болатын. Олардың 155-і әйелдер (36,8%), 144-і 35 жасқа дейінгі жастар (34,2%) болды. Дауыс берудің төрт күнінде партияның БҚО филиалы бойынша мүшелерінің 22 903-і, яғни 85 пайызы дауыс беруге белсенді қатысқан болатын. Партия мүшелерінің көпшілігі онлайн жүйесінде дауыс берді. 18 390 адам сайлау учаскелеріндегі ұялы телефондар мен компьютерлер арқылы, ал 4513-і қағаз бюллетеньдерімен дауыс берген еді.

inform.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале