15.03.2026, 8:25
Оқылды: 23

Оралда референдумға келгендерді қос робот қарсылауда

Бүгін сағат 7.00-де Қазақстан Республикасында республикалық референдум басталды. Дәл осы сәтте Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіндегі №459 референдум учаскесі де есігін айқара ашты. Дәстүрлі түрде ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалған соң, референдум учаскесі ашық деп жарияланды.

1fd77e65-6bea-4e88-8b29-ae19b8ac5876
Бұл референдум учаскесіне келген сайлаушыларды екі робот қарсылап, қызмет көрсетуде. Роботтарды университеттегі ҚР Ұлттық инженерлік академиясының жастар қанатына мүше студенттер, жас ғалымдар Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жасап шығарған.
3816cac1-78a5-421f-b154-887af68ca255
Дауыс беруге алғашқы боп келген азаматтардың бірі Ғапар Тілеулиевке сыйлық табыс естілді. «Мен осы учаскеге жақын жерде тұрамын. Бүгін ертерек келіп, дауыс бердім. Өз таңдауымды жасадым. Мұндай саяси науқанға қатысу әр азаматтың борышы деп білемін»,- деді ол.

b3765964-8e37-4135-b9ed-a07af4510235
№459 референдум учаскесіндегі комиссия төрайымы Әлия Сарекенованың айтуынша тізім бойынша 2605 дауыс беруші бар. Ал 30 адам үйден дауыс беруге өтініш білдірген.
Сағат 7.30 шамасында бұл учаскеде 30 шақты сайлаушы дауыс беріп үлгерді.

Айна Имашева

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале