Бүгін 25 қазан – Республика күні қарсаңында әлеуметтік және мәдени-рухани дамуға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін өңірдегі бір топ қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері марапатталды.
Салтанатты қабылдауда БҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева Республика күнінің ел тарихындағы маңызына тоқталды.
– Бәріміз де өскелең ұрпақтың бойында Отанымызға деген патриотизм мен сүйіспеншілікті арттыру үшін жұмыс істеуіміз керек. Жастар біздің мемлекеттік рәміздерімізге – Елтаңбаға, Туға, Әнұранға құрметпен қарауы қажет. Ұлтаралық және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты қолдау жөніндегі жұмысты күшейту маңызды, - деді ол.
Өңірдегі белсенді азаматтарды арнайы қабылдаған облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы арнайы алғысхаттарды табыс етті.
zhaikpress.kz