Бүгін Ақ Жайық атырабында, Орал шаһарында «Азаттықтың ақ таңы» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ақындар айтысының шымылдығын түріп, ақындарға ақ жол тіледі.
Республикалық доданың қазылар алқасына «Отан» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман төрағалық етті.
Айтыстың тізгінін жүргізуші ретінде «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтаев ұстады.
Бүгінгі аламанда Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Мұрадым Мирланов, Қайнар Алагөзов және Шалқарбай Ізбасаров сияқты дүйім елге танымал ақындар сахна көрігін қыздырып, сынға түсті.
Аталмыш жыр додасының өтуіне облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы мұрындық болған.
zhaikpress.kz