27.03.2025, 19:00
Оқылды: 75

Оралда робототехника бойынша олимпиаданың (WRO) өңірлік іріктеу кезеңі өтеді

Сәуір айында Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында робототехника бойынша олимпиаданың (WRO) өңірлік іріктеу кезеңі өтеді.

photo-output

Олимпиада келесі санаттар бойынша ұйымдастырылады:
• RoboMission (негізгі)
• Future Innovators (шығармашылық)
• RoboSports
• Future Engineers

Қатысушы командалардың жалпы саны шектелмейді. Әр команда екі оқушыдан құралуы керек. Қатысушылардың жасы WRO – 2025 ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Толық ақпаратпен танысып, ережелерді көру үшін мына сайтқа өтіңіз: http://robotics.nis.edu.kz/

Қатысушыларды тіркеу 13 сәуірге дейін жүргізіледі.

Барлық қызығушылық танытқан оқушыларды жарысқа қатысуға шақырамыз!

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале