Оралдағы Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Қазақстанның салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова өңірдегі бастауыш салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесті.
Басқосуда С.Иманқұлова Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын мәдениет, спорт саласының барлық қызметкерлері зор ықыласпен қабылдағанын, көптеген ұйымдарда оны түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін және Жолдауды жүзеге асыру бағытында іс-шаралар жоспары жасалғанына тоқталды. «Елбасының Жолдаулары бұрынғы Жолдаулары мемлекетіміздің саясаи бағытын, стратегиялық міндеттерін нақты айқындап беретін болса, соңғы құжатта қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық орта құру бағыттары көрсетілген», - деді Светлана Иманқұлова.
Төрайымның айтуынша, кәсіподақ бірлестігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен жасалған салалық келісімде сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесіне қатысты нақты ұсыныстар көрсетілгенін айтты. Өйткені сала қызметкерлерінің жалақы көлемі салыстырмалы түрде алғанда өзге бюджеттік қызметкерлердің жалақысы едәуір төмен. Сондықтан базалық қызметтік жалақыны көтеру – салалық кәсіподақтың күн тәртібінде тұрған мәселе.
БҚО аталмыш салалық кәсіподақ филиалының төрғасы Айдар Батырханов мәдениет, спорт, ақпарат қызметкерлері мен жұмыс берушілердің арасындағы еңбек қатынасын реттеуінде мекемелердің ұжымдық шарттарын жасақтауды заңнамаларға және жарғыға сәйкес сауаттылық қажеттілігіне назар аудартты. Еңбекшілер мен қызметкерлердің әлеуметтік, тұрмыстық мүдделері мен құқықтарын сақтауда және оларды үйлестіруде әділ шешімдер қабылдауының қажеттігін, ұжымдық шарттар, салалық өңірлік келісімдерге негізделуі ескерілуі тиіс. Жиын барысында қатысушылар жалақыны көтеруді ұсынды және өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Басқосу соңында бір топ кәсіподақ белсенділері көп жылдық ынтымақтастық пен әлеуметтік әріптестік аясында қажырлы еңбегі үшін салалық кәсіподақтың төсбелгілерімен, Құрмет граморталарымен және алғысхаттармен марапатталды. Шыңғырлаулық әріптестеріміз Адақ Шотпанов, Гүлшат Ботанова, Татьяна Кишкина төсбелгі алушылар қатарында бар.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!