2023 жылдың 8-10 қыркүйек күндері Орал қаласындағы Мұз Спорты Сарайында самбо күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтеді.
Фото: uralsk.info
Бұл туралы БҚО-ның дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында хабарланды.
- Намысты додаға қазірдің өзінде бірнеше елдің палуаны қатысуға бел байлап отыр.
Жалпы самбо күресі облысымызда ежелден мектебі қалыптасқан, дәстүрге бай, кең тараған спорт түрі. Бұл күресті өңірімізде дамытуға атсалысқан аға буын өкілдері Қамеш Исмагулов, Тарих Төлегенов, Тілекқабыл Хамзиев, Батыр Қуанышев, Жұбанышқали Жәрдемов, Темірхан Есеев, Нұрлан Қауметов, Санат Берсебаевтар болатын. Ірі додаларда облысымыздан шыққан Нұфтолла Түменов, Берік Жұмағалиев сынды халықаралық дәрежедегі төрешілер қазылық жасап жүр, - делінген хабарламада.