17.06.2024, 14:45
Оқылды: 123

Оралда «Семсер – Өрт сөндіруші» ерекше шара өткізді

Орал қаласындағы «Nur-Er» ат спорты туристік орталығында «Отан отбасынан басталады» тақырыбында іс-шара өтті.  Онда Алматы қаласынан келген «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС-ның бас директоры Евгений Бушманов, «Апаттық-құтқару қызметі жұмысшыларының жергілікті кәсіподағының» төрағасы Вячеслав Вавилин, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқан және «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС Орал филиалының төрағасы Замир Бердашев сөз алып, шараның мән-маңызына тоқталды.

02F54A83-687B-4B95-AB25-F6CBAFC75FFC

Замир Аманкелдіұлы осы мерекелік концертке жанұясымен бірге қатысып, белсенділік танытқандары үшін «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС Орал филиалы қызметкерлеріне алғыс білдірді. Евгений Викторұлы Әкелер күні және Құрбан айт мерекесі қарсаңында осындай игі шараның ұйымдастырылып жатқанына қуанышты екенін жеткізіп, қатысушыларға амандық, саулық, табыс тіледі.

Өз кезегінде Вячеслав Дмитрийұлы ой-пікірін қазақ тілінде жеткізіп, аталған кәсіподақ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға аз-кем тоқталып өтті. Ал Мұратхан Шоқан адам өмірін құтқару секілді жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген тәжірибелі мамандардың қоғамдағы орны туралы айта келе, «Маңайыма назарымды салғанда...» деп басталатын өлеңін оқып берді.

Сондай-ақ шара барысында үш аттылы Мемлекеттік ту мен «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС жалауын желбіретіп, туристік орталық алаңынан шауып өтті. Оларға телміре қараған балалар да атқа мініп, уақытты керемет өткізді.

Құтқарушылар ән шырқап, би билеген өнерпаздарды қолдап-қошеметтеп, дастархан басында ой өрбітті.

4285FE70-B644-469E-9D61-E89EDE8E8C68

– Бүгінгі таңда құтқарушылар жүйелі жұмыс атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізіп келеді. Бұл іс-шараның мақсаты – бірлік, ұйымшылдық, отбасы құндылығын насихаттау, мамандар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, тәжірибе алмасу. Ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС Орал филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнұр Батеноваға рахмет! Бірлік түбі – береке. Осылайша бір-бірімізбен тығыз қарым-қатынас орнатып, жұмысты жүйелі түрде жүргізуіміз керек. Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, арман-мұраттарыңызға қол жеткізе беріңіздер, - деген Вячеслав Вавилин «Атамекен» әнін шырқап, көрерменді ерекше әсерге бөледі.

DB3C24D4-251E-488F-A263-C3884F11757A

Сонымен қатар мерекелік концертте «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС Орал филиалы қызметкерлерінің арасында өткен спорттық жарыстар мен олардың балалары қатысқан сурет байқауы қорытындыланып, үздіктер дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Марлен Ғилымхан

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале