17.03.2024, 15:22
Оқылды: 108

Оралда Шаңырақ күні тойланды

17 наурыз – Шаңырақ күніне орай Орал қаласындағы Салтанат сарайында облыс әкімі Нариман Төреғалиев бірқатар үлгілі жанұяға «Алтын шаңырақ», «Күміс кереге» сыйлықтарын табыстады.

21

Бұл кездесуді облыстық аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина жүргізді.

IMG-20240317-WA0109

Бірнеше жыл бойы абыройлы еңбек еткен, бүгінде немере-шөбере сүйіп, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп жүрген ерлі-зайыптыларға өңір басшысы құрмет көрсетіп, құттықтау хат және сыйлық тарту етті.

IMG-20240317-WA0093

Оған қоса осы жүздесуге арнайы шақырылған төрт жас отбасыға «Отбасы хрестоматиясы» сериясымен жарыққа шыққан 3 кітапты және естелік сыйлықтарды берді.

IMG-20240317-WA0115

– Атырау қаласында өткен үшінші ұлттық құрылтайда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтарға жеке-жеке тоқталды. Олар – тәуелсіздік, отаншылдық, бірлік, ынтымақ, әділдік, жауапкершілік, заң, тәртіп, еңбекқорлық, кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық. Сонымен қатар Президент «Біз осы іргелі құндылықты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек. Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш қағиданы табысты елге айналудың басты кілті деуге болады» деген еді. Біз осы бағытта жұмыстанып, нақты нәтижеге қол жеткізуіміз керек. Бұл жиынға Ақ Жайық өңіріндегі өнегелі отбасылар қатысып отыр. Мұндай салтанатты іс-шарада жастардың да бой көрсеткені көңілге қуаныш ұялатады. Асқар таудай ағаларымыз бен ақ жаулықты аналарымызды құрметтеуге тиіспіз. Мемлекет басшысының бастамасымен биыл елімізде Наурыз мерекесі жаңа форматта тойлануда. Еліміздің әр өңірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған Наурызнама онкүндігі өтіп жатыр. Түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда, – деді Нариман Төреғалиұлы.

19

«Алтын шаңырақ», «Күміс кереге» иегері атанғандар атынан Қайролла Сабыров, Өтебай Құспанов, Анатолий Петровский және Дидар Жұмабаев сөз алып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ел үшін аянбай еңбек ету керектігін алға тартты.

7

8

9

Өздерінің атқарған жұмыстары туралы әңгімелеп, өңір басшысына осындай шара ұйымдастырып, керемет көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыс жаудырды. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген мағыналы әңгімелер айтып, жиын қатысушыларына амандық-саулық тіледі.

IMG-20240317-WA0085

Жүздесудің басқа да қатысушылары сөз алып, ойларын айтты. Іс-шара соңында тыл және еңбек ардагері Бақытжан Салахатдинов бата берді. Кездесу мерекелік концертке ұласып, әке, ана, немере тақырыптарында әндер шырқалды.

– Шаңырақ – әр адамның киелі бесігі, алтын ұясы. Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Ата-бабаларымыз «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған. Өскелең ұрпақ отбасында мықты тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі қажет. Салт-дәстүрге құрмет, туған елге сүйіспеншілік қасиетті қара шаңырақтан бастау алады. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 14 мыңға жуық көпбалалы ана бар. Оның 6 558-і «Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Батыр ана» атағының иегері. Былтыр 4 санат бойынша 26 мың отбасыға 2,7 млрд теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілді. Біздің негізгі мақсатымыз – ұлттық отбасы институтын нығайту. Бүгінде татулықты, ауызбіршілікті сақтауға ардагерлер, ақсақалдар және аналар кеңесі өз үлесін қосып келеді, – деді Нариман Төреғалиұлы.

IMG-20240317-WA0125

6

IMG-20240317-WA0112

12

13

14

IMG-20240317-WA0118

17

16

 #nauryznamabqo

Марлен Ғилымхан, 

Сурет авторы: Мәди Салық

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале