Дәл қазір облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің залында спорт ардагері, самбо күресінен спорт шеберлері арасындағы Әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Тілекқабыл Қамзиевті еске алуға арналған самбо күресінен 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасында ашық V Республикалық турнир өтуде.
Жарысқа көрші Ресейден, өзіміздің Ақтөбе, Атырау облыстарынан және Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан, Орал қаласының спорт мектептерінен 160-қа жуық спортшы қатысуда.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жарыс самбо күресін дамыту және кеңінен тарату, спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілуде.
zhaikpress.kz