15.08.2025, 15:00
Оқылды: 741

Оралда «Спорт күні» мерекесіне орай үздіктер марапатталып, ашық қалалық спартакиада өтті

2025 жылғы 12–14 тамыз күндері Орал қаласында Қазақстан Республикасы «Спорт күні» мерекесіне арналған бірқатар ауқымды іс-шаралар өтті. Мереке аясында спорт саласының мамандарына құрмет көрсетіліп, ашық қалалық спартакиада ұйымдастырылды.
_gluster_2025_8_15_c3cb81e700869c1b39e420c7807d1933_1280x720

12 тамыз күні «Спорт күніне» орай аудандық және қалалық спорт бөлімдері мен спорт клубтары қызметкерлері арасында ІІ ашық қалалық спартакиаданың ашылуы өтті.

Спартакиаданың ашылу рәсімінде Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Жарысқа қатысқан командалар:
Ақжайық ауданы
Бәйтерек ауданы
Бөрлі ауданы
Жаңақала ауданы
Қаратөбе ауданы
Теректі ауданы
Шыңғырлау ауданы
“Орал” спорт клубы

_gluster_2025_8_15_666c6f600f20afcc17342241485a87ff_1280x720

Жалпыкомандалық есеп қорытындысы бойынша:
I орын – Бөрлі ауданы (164 ұпай)
II орын – Жаңақала ауданы (160 ұпай)
III орын – Шыңғырлау ауданы (154 ұпай)

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.

14 тамыз күні «Орал» спорт клубының “Арқанды саябақ” туристік базасында спорт саласының үздіктерін марапаттау кеші ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев құттықтау сөз сөйлеп, қалада бұқаралық спортты дамытуға елеулі үлес қосып жүрген жаттықтырушыларды, спорт журналистерін және белсенді жанашырларды марапаттады.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Болатбек Сәбитов, қалалық спорт бөлімі басшысы Армат Исанов және “Орал” спорт клубының директоры  Орынбасар Гилымов үздіктерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.

_gluster_2025_8_15_33648775569b979f54aa1a8e723a1cbe_1280x720 (1)

Салтанатты жиын мерекелік дастарханмен жалғасып, қатысушылар бейресми жағдайда еркін пікір алмасып, достық қарым-қатынасты нығайтты.

 

 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале