27.11.2025, 18:00
Оқылды: 137

Оралда студенттер форумы өтті

Орал қаласында «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бірлесіп, «Адалдық академиясы: Жастар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» атты студенттер форумын ұйымдастырды.

1d94f843-ccbe-4931-b0d4-f6a14a12d066

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында адалдық, жауапкершілік және парасаттылық құндылықтарын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.

Форум Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Асхатұлы Дүйсенғалиевтің құттықтау сөзінен басталып, пленарлық сессиямен жалғасты.

Форумның негізгі спикерлері ретінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Дәурен Ерікұлы Хаиров, «Ищанов и партнеры» заңгерлік кеңсесінің төрағасы, заңгер Галымжан Султашевич Ищанов, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігінің БҚО бойынша студенттер мәселелері жөніндегі уәкілі Серікқали Тасболат сөз сөйледі.

Спикерлер өз баяндамаларында адалдық қағидаттарын дәріптеудің маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әр азаматтың жауапкершілігінен басталатынын айтты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық қоғамның дамуына, әділдік пен сенімге тікелей қауіп төндіретін әлеуметтік індет екені атап өтілді.

Форум барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, ашықтық пен парасаттылықты арттыруға бағытталған тетіктер туралы ақпарат берілді.

Іс-шара соңында  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаменті мен «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум жастар арасында әділдік пен парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге, білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі рөлін күшейтуге және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған.

                                                               Мемлекеттік қызмет істері

                                        агенттігінің Батыс Қазақстан

                                        облысы бойынша департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале