Қалалық кәріз коллекторларының еріген сумен толып кетуіне және тұрғын үй аумақтарын сарқынды және еріген су басу қаупіне байланысты 10 наурыз күні сағат 20:00-ден бастап қалада су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Су белгіленген кестеге сәйкес беріледі.
Су беру кестесі:
- 7:00-9:00
- 12:00-14:00
- 18:00-20:00.
Жағдай қалыпқа келген кезде су беру штаттық режимде жүргізіледі.