4.04.2024, 22:50
Оқылды: 61

Оралда су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды есептеу үшін комиссия өтініш қабылдауды бастады

Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің instagram парақшасында хабарланды.

орал

Фото: zhaikpress.kz

- Орал қаласы әкімінің 2024 жылғы 26 наурыздағы №7 шешіміне сәйкес Орал қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) есептеу және өтеу үшін қалалық комиссия құрылғанын және қала тұрғындарынан өтініш қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Ол үшін қалалық комиссияға келесідей құжаттарды ұсыну қажет:
1) келтірілген нұқсанды өтеу туралы өтініш;
2) зардап шеккен адамның жеке басын куәландыратын  құжаттың көшірмесі (табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан немесе төтенше жағдайды жою кезеңінде осындай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда – ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәлік);
3) табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезден бастап немесе төтенше жағдайды жою кезеңінде зардап шеккеннің жойылған және/немесе бүлінген мүлкінің тізімі;
4) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттары (қаулы, объектіні пайдалануға қабылдау актісі, сатып алу-сату шарты және т.б.), жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру құжаттары (жер учаскесіне меншік құқығы туралы актісі және техникалық паспорты), - деліген хабарламада.

Құжаттарды «Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығында (Орал қаласы, Ықсанов көшесі 46/1 үй),
дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-18.30 (13.00-14.30 түсі үзіліс) аралығында қабылданады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале