21.08.2023, 11:30
Оқылды: 55

Оралда сүйіктісімен ренжіскен жігіт көпірден секіріп кетпек болды

Кеше кешкі сағат 21:30-да Оралдағы полиция басқармасының кезекші бөліміне Жайық өзенінің үстімен өтетін көпірге шыққан жігіттің секірмекші болғаны туралы хабарлама түскен.

7c4118da-58a8-4616-b1a1-9698ed5378f3

Фото: видоедан кадр

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, жігіт ішімдік ішкен. Оқиға орнына Орал қаласының ПБ патрульдік-полиция батальоны қызметкерлері және ТЖД құтқарушылары келіп, жігітті жоғарыдан аман-есен түсіріп алған.

1994 жылы туған Теректі ауданының тұрғынынан жауап алу кезінде сүйіктісімен ренжісіп қалғаны анықталған.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігіне (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылған.

Кейін жігіт Орал қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылған.

Алкогольдік ішімдіктерді iшіп, қоғамдық орындарға масаң күйде тәртіп бұзғаны үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынатынын еске саламыз.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале