3.06.2024, 12:30
Оқылды: 93

Оралда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы керуен» жобасы аясында трениң өтеді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы керуен» жобасы аясында Қазақстанның батыс өңірінде арнайы трениңдер өтіп жатыр.

тренинг (2)

23-24 сәуір күндері Ақтөбе қаласында және 14-15 мамыр күндері Ақтауда, 29-30 мамыр күндері Атырауда «Мемлекеттік сатып алуға қоғамдық бақылау жасау мен адвокация негіздері» тақырыбында трениң өтті. Оффлайн сабаққа 40 жас қатысты.

Тренер, қоғам белсендісі Бауыржан Заки қатысушыларға қоғамдық бақылау ұйымдастыру, goszakup.gov.kz порталына және нысанға мониторинг жасау, адвокация жүргізуді, egov.kz, eotinish.kz, elicense.kz жүйелерін пайдалануды, мемлекеттік органдарға хат жазуды, заң бұзушылықтарды талдауды үйретті.

bce575a9-a3ff-4545-a091-5b06963d9aaa

«Әділдік жолы» РҚБ-ның adildik.kz сайты және «Kun Jarygy» коалициясының prozakup.kz порталы (мониторинг жасаушының көмекшісі) таныстырылды.

Datanomix компаниясы әзірлеген қолжетімді әрі тегін талдау модулі бар kz.bi.open-contracting.org сайты толық көрсетілді.

тренинг (1)

Ал келесі сабақ 11-12 маусым күндері Оралда өтеді.

Трениң Евразия қоры жүзеге асыратын Орталық Азиядағы Әлеуметтік Инновациялар бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале