28.08.2024, 16:00
Оқылды: 181

Оралда «Talpyn» атауымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Оралда жастар жұмыссыздығын азайту және оларды әлеуметтендіру мақсатында «Talpyn» мүмкіндіктер алаңы шарасы өтті.

ярмарка (4)

Шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және облыстық басқарма, мекеме басшылары қатысты.

ярмарка (2)
Аталған шараның басты мақсаты – жұмыссыз тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсыну, мамандық таңдауға жәрдемдесу, өз істерін бастағалы тұрған жастарға кәсіп ашуға бағыт, бағдар беру.

Сонымен қатар шарада өңірімізде жүзеге асып жатқан жобалар ұсынылды. Атап айтқанда «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында несие алған азаматтардың кәсібі, «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қайтарымсыз грант иегерлерінің өнімдері көрсетілді.

Тұрғындар құзырлы орган, банк мамандары, қайтарымсыз грант иегерлерінің шеберлік сағаттарын тамашалап, амфитеатрда кәсіпкерлермен кездесті.

ярмарка (3)

– «Бір ауыл – бір өнім» және «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023-2024 жылы 800-ден астам адамға тегін грант, 21-35 жастағы жастарға 2,5% 1 миллиард 200 миллион теңге көлемінде несие берілді. Өз кәсібін ашамын деген жастарға қолдаулар көрсетіліп жатыр. «Ауыл аманаты» бағдараламасы аясында мыңға жуық адамға 6 миллиард 500 миллион теңге көмек берілді. «Talpyn» мүмкіндіктер алаңы жалғасады, - деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы

фото автордікі

zhaikpress.kz

ярмарка (1)

894040EA-1325-44F4-BF8C-2E03BA3D4128

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале