20.01.2021, 17:23
Оқылды: 62

Оралда таныс қызын үйіне шақырған жігіт 1 млн теңге тұратын дүниесінен айырылды

Оралда көңіл көтермекші болған 27 жастағы тұрғынды біреулер ұрып-соғып, тонап кетті.

куд11

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жігіт көңіл көтеру орындарының бірінде танысқан қызды үйіне шақырады. Іле-шала қызбен таныс екі ер адам келеді. Мүмкіндікті құр жібермеген қыз есікті ашады. Күдіктілер жәбірленушіге дене жарақаттарын келтіріп, оның 1 млн теңге тұратын ноутбук, телефоны мен алтын бұйымдарын жымқырып кетеді. Қыздың аты-жөнін ғана білген полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар адамдардың бәрін анықтады. Олар Атырау облысының тұрғындары болып шықты. Атырауға дереу жол тартқан полицейлер үш күдіктіні жалға алған пәтерінде жасырынып отырған жерінен қолға түсірді. Қазіргі кезде осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

 

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале